15 жасар футболшы «Барселона» сапында алаңға шығуы мүмкін

15 жасар футболшы «Барселона» сапында алаңға шығуы мүмкін
Футбол

Хави бастаған «Барселонаның» жаттықтырушылар штабы 15 жасар шабуылшы Ламин Ямал Ла лиганың 30-турында клуб сапында алаңға шығармақ, деп хабарлайды bassport.kz.

Тізімге енген барлық футболшының алаңда ойнауға мүмкіндігі бар. Ямал жастығына қарамастан бізге көмектесе алады. Ол талантты. Ол бізбен бірге жаттығады, ойыны маған қатты ұнады, сондықтан оны қатарға шақырдық. Ол клубтың жаңа дәуірін қалыптастыратын ойыншылардың бірі, - дейді Хави Тhe Athletic-ке берген сұхбатында.

Гвинея шабуылшысының жасы 15 жас және 283 күнді құрайды. Жас жігітке 41-нөмір берілген. Егер ол алаңға шықса, онда Ла лигадағы клубта ойнаған ең жас ойыншы атанады.

Ямал жеті жасынан бастап «Барсада» өнер көрсетеді.

2022 жылдың қыркүйегінде Хави жас футболшыны негізгі құраммен жаттығуға шақырды. Қазір Ямал өзінен үш жас үлкен жастармен ойнайды. 18 матчта ол сегіз гол соғып, сегіз пас берді.

Каталония клубы бүгін, 23 сәуірде, «Камп Ноуда» Диего Симеоне жаттықтыратын «Атлетико Мадридпен» ойнайды.