Қазақ хоккейшісі Петров Кубогының иегері атанды
Хоккей
“Химик” хоккей клубы Бүкілресейлік хоккей лигасы финалында красноярскілік “Соколды” жеңіп, Петров Кубогының иегері атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
2022-2023 жылдар маусымының чемпионы атанған команда сапында қазақ хоккейшісі Максим Мусоров өнер көрсетеді. “Барыс” түлегінің командасы финалдық серияны төрт матчта аяқтап, жеңімпаз атанды.
Отандасымыз тұрақты маусымның 36 кездесуінде 10 (6+4) ұпай еншілесе, плей-оффта 8 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.