Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасы жаңа рекордының иесі атанды
Футбол
Чемпиондар лигасы ширек финалының "Баварияға" қарсы болған қарымта матчта "Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд плей-офф кезеңіндегі 13-голын соқты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Ол он-ақ матчта осынша гол соғып үлгерген және ол турнирдің жаңа рекордының иесі атанды. Бұған дейін ЧЛ плей-офф кезеңінде асқан нәтижелілігмен көзге түскен футболшылар көшін "Бавария" ойыншысы Садио Мане бастап тұрған. Ол лиганың плей-офф кезеңінің алғашқы он матчында тоғыз гол соққан.