“Барыс” шабуылшысы Ресей азаматтығынан бас тартып, әлем чемпионатына баруды таңдады

“Барыс” шабуылшысы Ресей азаматтығынан бас тартып, әлем чемпионатына баруды таңдады
Хоккей

Шабуылшы Дмитрий Гурков элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұған дейін Егор Петухов, Антон Сагадеев, Алексей Маклюков сынды спортшылардың Қазақстан азаматтығынан бас тартқаны белгілі болған.

Шайба.kz жазуынша, Дмитрий Гурков болса, Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан сапында өнер көрсетуді таңдаған.

Еске салайық, хоккейден әлем чемпионаты 12-28 мамыр аралығында Рига (Латвия) мен Тампереде (Финляндия) өтеді.