“Номадтың” қос ойыншысы ұлттық құрамаға шақырту алды
Хоккей
12-28 мамыр аралығында Латвияда өтетін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасына тағы екі ойыншы шақырту алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Шайба.kz хабарлауынша, биылғы маусымда Қазақстан чемпионы атанған “Номадтың” қорғаушысы Мәди Диханьек пен шабуылшысы Максим Мухаметов ұлттық құрамамен бірге әлем чемпионатына дайындалады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы биылғы әлем біріншілігінде В тобында өнер көрсетіп, Канада, Чехия, Норвегия, Швейцария, Словакия, Латвия және Словения құрамаларымен сынға түседі.