Сол аяқпен гол соғудан рекорд орнатқан футболшының есімі белгілі болды

Сол аяқпен гол соғудан рекорд орнатқан футболшының есімі белгілі болды
Футбол

Футболдан ағылшын Премьер-лигасының 31-турында "Лидс Юнайтед" пен "Ливерпуль" кездесіп, "Элланд Роуд" стадионында өткен матч 6:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Жеңімпаз команда сапынан Мохамед Салах дубль авторы атанды. Футболшы екі голды да сол аяғымен соққан. Мысырлық футболшы ағылшын Премьер-лигасында осымен 107 голды сол аяғымен соғып отыр. Anything Liverpool жазуынша, бұл - турнир рекорды.