Қазақтың теннисші қызы Италиядағы жарыстың финалисі атанды
Теннис
Қазақтың теннисші қызы Жібек Құламбаева Италияның Санта Маргерита ди Пула қаласында өткен турнирдің финалисі атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Топырақ төсеніште өткен жарыста отандасымыз грекиялық Сапфо Сакелларидимен өнер көрсетіп, финалда хорватиялық-ресейлік дуэт Мариана Дразич - Анастасия Гасановадан 5:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Қазіргі таңда Жәбек Құламбаева WTA рейтингінде 210-орында тұр.
Жақында Антальяда өткен турнирде отандасымыз жекелей сында да, жұптық жарыста да жеңіске жетіп, абсолютті чемпион атанған еді.