ҚХЛ-ға жаңа команда қосылды

ҚХЛ-ға жаңа команда қосылды
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы Директорлар кеңесі келесі маусымға қатысушы командалар тізімін бекітті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Тольятти облысының “Лада” командасы 2023-2024 жылдар маусымында Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін командалар қатарына қосылды.

Осылайша, келесі маусымда Лигада 23 команда бақ сынайды.

Айта кетейік, “Лада” 2018 жылдан бері Лигада өнер көрсеткен жоқ. Бес жыл бойы бұл ұжым Бүкілресейлік хоккей лигасында ойнады.