"Снежные Барсы" Ресейдің жастар лигасына қайта оралды

Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы директорлар кеңесі келесі маусымда Жастар хоккей лигасында өнер көрсететін командаларды бекітті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Лиганың Шығыс конференциясын “Снежные Барсы” командасы толықтырды. ЖХЛ 15-маусымында жалпы 37 команда өнер көрсетеді. Биылғы маусыммен салыстырғанда Шығыс конференциясы қатысушылар құрамындаекі өзгеріс орын алды. Бірі “Снежыне Барсыдың” арағы үш жыл салып Лигаға қайта оралуы болса, екіншісі “Сарматы” (Орынбор) командасының қатардан шығуы. 

“Снежные Барсы” ЖХЛ 2011-2020 жылдар арксында өнер көрсетті. Олар төрт рет плей-оффқа шыққан. Команданың ең үздік нәтижесі - 2015-2016 жылдар маусымында чемпионатта сегізінші орын алуы.