Астанада Еуразия елдерінің жас хоккейшілері бас қосады

Астанада Еуразия елдерінің жас хоккейшілері бас қосады
Хоккей

15-19 сәуір күндері «Барыс-Арена» мұз айдынында Еуразия елдері жас хоккейшілері бас қосады. Халықаралық UTLC Ice Cup 2023 жастар турнирі «Young Eurasian Stars» ұранымен Еуразия құрлығы үздік хоккейшілерін бір мекенге жинайды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Жоба Қытай/Оңтүстіс-Шығыс Азия – ЕО және қарама-қарсы бағытта Еуразия аумағы арқылы теміржол транзиттік контейнерлік қызметтері операторы жұмысын атқаратын «Біріккен көлік-логистикалық компания – Еуразиялық теміржол альянсы» (БКЛК ЕТА) бастамасымен өткізіледі. Бұл – турнир жыл сайын Мәскеуде «РЖД Аренада» өткізілетін беделді UTLC Cup футбол жарысынан кейін компания ұйымдастыра бастаған екінші спорттық жоба.

Хоккей турнирінде айдын иелері «Барыс-2009» ұжымына 14 жасқа дейінгі ойыншылардан жасақталған «Трактор», «СКА», «Металлург», минскілік «Динамо» және «Локомотив» командалары қарсылас болады.

- UTLC Ice Cup – спорт құндылықтары мен Young Eurasian Stars ұранымен достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Еуразия құрлығы мықты клубтары жас хоккейшілерінің басын бірнеше рет қосқан жақсы жоба, - деді БКЛК ЕТА бас директоры Алексей Гром. – Хоккейшілердің көбі мұндай ірі халықаралық жарыста бірінші рет бақ сынайды, мен де олармен бірге осы теңдессіз тәжірибені бірге басымнан кешіріп, жас ойыншылардың алға ұмтылуға деген ынта-жігерлерін бөлісемін. Турнирдің қатысушы командалары елдері үшін хоккей – басты дәстүрлер мен спорт құндылықтарының бірі. Біз үшін турнирді ұйымдастыру және оның тұрақты түрде әрі жоғары деңгейде өтуіне жағдай жасау, Еуразияның ең мықты хоккей мектептерінің қатысуы – үлкен мәртебе. Турнир қатысушыларына, болашақ хоккей жұлдыздарына адал бәсекелестік, ал жанкүйерлер мен көрермендерге спорт мейрамынан ләззат алуды тілеймін!

Айта кетейік, Бұған дейін ярославілік «Локомотив» пен ЦСКА турнир чемпиондары атанған болатын.