Максим Мухаметов Қазақстан чемпионатының үздік снайпері атанды
Хоккей
"Номад" шабуылшысы Максим Мухаметов Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің үздік снайпері атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
23 жастағы форвард плей-оффтың 17 матчында 8 гол соқты. Жалпы, осы матчтың барлығынла ол есебіне 20 (8+12) ұпай жазды. Ал оның пайдалылық көрсеткіші "+10" болды.
Еске салайық, Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері ел біріншілігі плей-офф кезеңінің финалында өзбекстандық "Хумоны" серияжда 4:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.