Карло Анчелотти Чемпиондар лигасында абсолютті рекорд орнатты

Карло Анчелотти Чемпиондар лигасында абсолютті рекорд орнатты
Футбол

Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасы ширек финлының бірінші матчында өз алаңында "Челсиді" 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бұл ойында мадридтік клуб бас бапкері Карло Анчелотти мансабындағы 215-ойынын (футболшы және бапкер ретінде) өткізді. Бұл - турнирдің жаңа рекорды.

Бұған дейін бұл көрсеткіш бойынша бірінші орында "Манчестер Юнайтед"  экс бапкері Алекс Фергюсон болған еді - 214 (0+214). 

Чемпиондар лигасында ең көп ойын өткізген үзідк төрттік келесідей:

Карло Анчелотти - 215 (21+194);

Алекс Фергюсон - 214 (0+214);

Хосеп Гвардиола - 210 (49+161);

Арсен Венгер - 208 (0+208).