Егор Петухов пен Никита Михайлис "Барыстан" кетуі мүмкін
Хоккей
Келесі маусымға дейінгі үзілісте астаналық "Барыс" сапында бірқатар өзгерістер орын алуы мүмкін, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Арена Бреда" Telegram арнасының ақпаратына сәйкес, көптеген қазақстандық хоккейшілер мансаптарын басқа клубтарда жалғастырады. Шабуылшы Антон Сагадеев келесі маусымда "Сочиде" өнер көрсетеді. Сонымен қатар, Егор Петухов пен Никита Михайлис те командадан кетуі мүмкін.
Егор Петухов ҚХЛ үздік маусымын өткізді - 68 ойын, 24 (17+7) ұпай. Маусымдағы барлық матчқа қатысқан шабуылшы команданың үзідк снайпері атанды.
Никита Михайлис маусымның 58 кездесуінде 41 (15+26) ұпай еншілеп, команданың үздік сұрмергені атағын Линден Веймен бөлісті.