Америкада ойнайтын қазақ хоккейшісі ұлттық құрамаға шақырту алды

Америкада ойнайтын қазақ хоккейшісі ұлттық құрамаға шақырту алды
Хоккей

Америкада өнер көрсететін Андрей Буяльский Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап. 

Андрей Буяльский биылғы маусымда NCAA лигасындағы “Вермонт Катамаунтс” командасының намысын қорғап, 33 матчта 17 (5+12) ұпай еншіледі. 

Ұлттық құрама 10 сәуірден бастап әлем чемпионатына дайындыққа кірісті. Топ дивизиондағы әлем чемпионаты 12-38 мамыр аралығында Рига (Латвия) мен Тампереде (Финляндия) қатар өтеді.

Қазақстан командасы Ригада Канаад, Чехия, Латвия, Норвегия, Словакия, Словения мен Швейцария құрамаларына қарсы ойнайды.