ҚХЛ: Финалға шыққан Панюков 50 млн теңге сыйақы алады

ҚХЛ: Финалға шыққан Панюков 50 млн теңге сыйақы алады
Хоккей

“Ақ Барс” хоккейшілері Гагарин Кубогы финалына шыққаны үшін көлемді сыйақы алады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Журналист Артур Хайруллиннің мәліметінше, негізгі құрам ойыншылары 9 миллион рубль (шамамен 48,9 млн теңге) сыйақы алады.

Еске салайық, қазандық клуб сапында Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Кирилл Панюков өнер көрсетеді.

Биылғы плей-оффта 25 жастағы форвард 17 матчта 3 (2+1) ұпай еншіледі.