Әлімханұлы жаттығу барысынан видео жариялады

Әлімханұлы жаттығу барысынан видео жариялады
Бокс

WBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жаттығу барысынан видео жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Қазіргі таңда қазақ кәсіпқой боксшысы өзінің чемпиондық атағын екінші мәрте қорғау үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол 13 мамыр күні Стоктонда канадалық Стивен Батлермен чемпиондық атағын сақтап қалу үшін сынға түседі. 

Еске салайық, бұған дейін отандасымыз 12 қараша күні Дензел Бентлимен жұдырықтасып, чемпиондық белбеуін қорғаған еді.