Қазақстанда тұңғыш рет: Бирма боксынан Азия чемпионаты Астанада өтеді

Қазақстанда тұңғыш рет: Бирма боксынан Азия чемпионаты Астанада өтеді
Бокс

31 қазан мен 1 қараша күндері Қазақстан тарихында тұңғыш рет Астана Бирма боксынан (Lethwei) Азия чемпионатын қабылдайды, деп жазады BasSport.kz.

Дәстүрлі Оңтүстік-Шығыс Азия жекпе-жегінің бірегей түрін насихаттайтын ауқымды турнир «Аспан» спорт кешенінде өтеді. 

Бұл іс-шараға құрлықтың әртүрлі елдерінен 400-ден астам спортшы жиналады. Чемпионаттың Қазақстанда өткізілуі – отандық жекпе-жек өнері мектебінің халықаралық деңгейдегі мойындалуының айқын дәлелі. 

Турнирге Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Бразилия және Мароккодан келген файтелер, сондай-ақ Қазақстанның ең үздік атлеттері қатысады. 

Дүниежүзілік Бирма боксы федерациясының вице-президенті Қайрат Мұқатов осы оқиғаның маңыздылығын атап өтті:

«Соңғы жылдары Қазақстан Бирма боксы саласындағы ең қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне айналды. Біздің спортшылар жоғары кәсіби деңгейді көрсетуде, ал Федерация бұл спорт түрін елдің барлық аумағында дамыту бойынша жүйелі жұмыс құрды. Азия Чемпионатын Астанада өткізу – бұл тек мәртебе ғана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік, және мен турнирдің жоғары деңгейде өтетініне, ал көрермендер жарқын әрі әділ жекпе-жектер көретініне сенімдімін».

Республикалық Бирма боксы федерациясы ұйымдастырған бұл чемпионат Қазақстанда Lethwei-ді насихаттау және халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды қадам болып саналады.