Сәтпаевта балалар хоккейі қайта жанданады

Сәтпаевта балалар хоккейі қайта жанданады
Хоккей

Араға бірнеше жыл салып Сәтпаевтағы балалар хоккейі қайта жанданады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Қазақмыс Барлау” ЖШС бас директоры Ғалым Нұржанов Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиге “Арыстан” хоккей мектебін таныстырды. Мектеп Сәтпаевтағы балалар-жасөспірімдер хоккейін қайта жаңғыртуды мақсат етіп отыр. 

“Арыстанда” Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ұлттық құрамаларына спортшыларды дайындау жұмыстары жүргізіледі. 

Сәтпаевтан қазір жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүрген Никита Михайлис, Валерий Орехов, Батырлан Мұратов, Иван Степаненко сынды ұлттық құрама ойыншылары шықты. 

Қазір Сәтпаевтағы мұз сарайының жағдайы жаттығу жұмыстарын жүргізуге жарамайды. 2005 жылдан бері кешен құрылғылары ескіріп кеткен. 25 сәуірден бастап мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мұз бен құрылғялар ауыстырылады.