Ресейлік теннисші мансабында бесінші рет Мастерс жарысында чемпион атанды

Ресейлік теннисші мансабында бесінші рет Мастерс жарысында чемпион атанды
Теннис

АҚШ-тың Майами қаласында өткен АТР-1000 санатындағы жарыс аяқталып, чемпионның есімі белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ресейлік теннисші Даниил Медведнв финалда италиялық Янник Синнермен шеберлік байқасып, екі сетте 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Бұл - әлемнің бесінші ракеткасының “мыңдық” жарыстардағы бесінші жеңісі. Сонымен қатар, ол биыл бес турнирде финалға шығып, оның төртеуінде жеңімпаз атанды. Майамиден өзге, Медведев Роттердам, Доха мен Дубайда өткен жарыстарда чемпион атанды. Майамиде 1000 ұпай олжалаған теннисші әлемнің төртінші ракеткасы атанды.