Қазақ гимнаст ел қоржынына тарихи жүлдені салды

Қазақ гимнаст ел қоржынына тарихи жүлдені салды
Басқа

Спорттық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан ел қоржынына тарихи қола жүлде түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Зейнолла Ыдырысов ат снарядында орындаған жаттығуы үшін 14.066 ұпай жинап, қола жүлдеге қол жеткізді. 

Ол - қазақтың жасөспірім гимнастшылары арасынан әлем чемпионатында жүлде жеңіп алған тарихтағы тұңғыш спортшы.