"Басшылықпен сөйлескен жоқпыз". Роман Старченко "Барысқа" оралуы туралы мәлімдеме жасады

Хоккей

Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Спартак" шабуылшысы Роман Старченко "Барысқа" қайта оралуы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Мұндай ақпараттың қайдан пайда болғанын білмеймін. Ашығын айтайын, "Барыстың" басшылығымен бұл жайында сөйлескен де жоқпыз. Қазір әлем чемпионатына дайындалып жатырмын. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткім келеді. Егер болашақ туралы айтсақ, мансабымды аяқтау ойымда жоқ. Әлі де сүйікті ісіммен айналысуды жалғастырғым келеді", - деді Роман Старченко "Головой об лед" бағдарламасына. 

Еске салайық, Роман Старченко 2008-2022 жылдар аралығында "Барыста" өнер көрсетті.