"Авангард" Никита Михайлиске қызығушылық танытып отыр

Хоккей

Омбылық "Авангард" астаналық "Барыс" шаубылшысы Никита Михайлиске қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кеше форвардтың елордалық клубпен келісімшартын ұзартпайтынын хабарлаған болатынбыз. 

Өткен маусымда 27 жастағы шабуылшы 58 ойында 41 (15+26) ұпай еншіледі. 

Айта кетейік, Никита Михайлистің "Авангард" не Құрлықтқы хоккей лигасының өзге клубтары сапын толықтырады деген ақпараттар өткен маусымда да болған. Сол кезде астаналық ұжым ойыншыға құны 377 млн теңге болатын келісімшарт ұсынып, командада алып қалған еді.