Роман Старченко "Барысқа" қайта оралатын болды
Хоккей
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Спартак" шабуылшысы Роман Старченко мәскеулік клубпен келісімшартын ұзартпайды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Оның "Спараткпен" жасасқан келісімшарты 2023 жылдың 30 сәуірінде аяқталады. "Спорт-"Экспресс" журналисі Артур Хайруллин шабуылшының "Барысқа" қайта оралатынын мәлімдеді.
Роман Старченко 2008-2022 жылдар арасында астаналық клуб намысын қорғады. Биылғы маусымда "Спартакпен" 52 кездесуге қатысып, 15 (7+8) ұпйа еншіледі.