"Барыстың" қарсыласы араға 5 жыл салып ҚХЛ-на қайта оралмақ

Хоккей
12 сәуір күні Құрлықтық хоккей лигасы Директорлар кеңесі өтеді. Кеңесте Лиганың келесі маусымы қатысушыларының құрамы бекітіледі, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
"Спорт-Экпресс" ақпаратына сүйенсек, "Лада" хоккей клубы араға 5 жыл салып құрлықтық хоккей лигасына қайта оралуға жақын. 2022 жылдың қарашасында "Лада" ҚХЛ-ға қайта оралуға ресми өтінім жіберген.
Клуб 2008-2010 жылдары, одан кейін 201-2018 жылдар аралығында Лигада өнер көрсетті. 2018 жылы Директорлар кеңесінің шешімімен Лигадан шығарылған болатын.
Бүкілресейлік хоккей лигасының биылғы маусымында "Лада" плей-оффтың 1/8 финалында АКМ командасынан серияда 3:4 есебімен жеңіліп қалды.