Линден Вей мансабын “Барыста” жалғастыра бермек ниетте

Линден Вей мансабын “Барыста” жалғастыра бермек ниетте
Хоккей

"Барыс" капитаны Линден Вей келесі маусымда астаналық клуб сапында қалмақ ниетте, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"31 жастағы канадалық форвард Линден Вей "Барыстағы" барлық жағдайға көңілі толатынын және келесі маусымда команда сапында өнер көрсетуге дайын екенін жеткізді", - деп жазады "Трансферы КХЛ" Telegram арнасы.

Айта кетейік, Линден Вей биылғы маусымда 57 кездесуге қатысып, 41 (18+23) ұпай жинады.