Никита Михайлис Ұлттық хоккей лигасына кетпекші
Хоккей
“Барыс” шабуылшысы Никита Михайлис биылдан қалмай әлемнің ең үздік лигасында өз күшін сынап көрмекші, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұған дейін ойыншының астаналық клубпен келісімшартын ұзартпайтынын хабарлағанбыз. Журналист Артур Хайруллиннің хабарлауынша, хоккейші ҰХЛ клубының жаттығу лагеріне баруды жоспарлап отыр. Сынақ келісімшартына қол қою жолы да қарастырылып отырған көрінеді. Нақты әрі қорытынды шешім әлем чемпионатынан кейін қабылданады.