Әлем чемпионатының күміс жүлдегері 8 млн теңге сыйақы алды
Бокс
Көкшетауда "Ақмола облысының спорт тарландары" жыл сайынғы облыстық спорттық форумы өтіп, спортшылар 2022 жылғы жеткен жетістіктері үшін марапатталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Жылдың ең үздік спортшысы болып бокстан Үндістанда өткен әлем чемпионатының финалисі Карина Ибрагимова танылды. Бокстан ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Александр Высоцкий жылдың үздік бапкері атанды.
Нью-Делиде өткен әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсеткен бұрымды боксшыға 7 млн теңге сыйақы берілді, ал оның бапкері Александр Высоцкийге 3 млн теңге табысталды. Одан бөлек, Карина спорттағы жетістіктері үшін 1 млн етңге алса, бапкеріне 500 мың теңге берілді.