Соболенконы жеңіп кеткен теннисші Рыбакинаны мақтады
Теннис
Румыниялық теннисші Сорана Кырстя Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны мақтады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі wtatennis.com сайтына сілтеме жасап.
“Қазір теннисте үлкен үштік бар - Швентек, Соболенко мен Рыбакина. Олар өте тамаша ойын көрсетіп жүр. Әр апта сайын олаодың теке-тіресін көру керемет сезім сыйлайды. Биыл олар теннисті жаңа деңгейге шығарып жатыр”, - деді Сорана Кырстя.
Айта кетейік, румыниялық теннисші Майамидегі жарыстың ширек финалында Арина Соболенконы 6:4, 6:4 есебімен жеңіп кетті.