Головкиннің келесі жекпе-жегі жеңіліп көрмеген боксшымен болмақ. Кездесудің өтетін күні белгілі

Головкиннің келесі жекпе-жегі жеңіліп көрмеген боксшымен болмақ. Кездесудің өтетін күні белгілі
Бокс

Жеңіліс тауып көрмеген мексикалық боксшы Хайме Мунгия промоутерлерінің бірі Фернандо Белтран қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің командасымен келіссөз жүргзіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

"Біз Мунгия мен Головкин жекпе-жегін ұйымдастыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Кездесу 10 маусым күні өтуі керек. Жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Промоутер Том Леффлермен жекпе-жекті талқылап үлгердік. Жақын арады келісімге келеміз деген ойдамын. Хайме мансабын бастағаннан бері Головкинмен жұдырықтасуды қалайтын. Бәрін ойдағыдай жүзеге асыра алатынымызға сенемін", - деді Фернандо Белтран деп жазады "Izquierdazo" басылымы. 

Еске сала кетейік, осыдан аз уақыт бұрын Головкин чемпиондық атақтарынан айырылған болатын. Соған қарамастан, 40 жастағы қазақстандық былғары қолғап шеберінің кәсіби мансабын аяқтар ойы жоқ.