Қазақстанда туған ҰХЛ қақпашысының ҚХЛ-да ойнайтын клубы анықталды

Хоккей
Қазақстанда туған, Ұлттық хоккей лигасында өнер көрсететін Антон Худобин Құрлықтық хоккей лигасына келеді және оның Лигада өнер көрсететін клубы белгілі, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Shaiba.kz" сайтына сілтеме жасап.
"Спорт-Экспресс" журналисі Артур Хайруллин Өскеменде туып-өскен 36 жастағы спортшы келесі маусымда магнитогорскілік "Металлург" намысын қорғауы мүмкін деп есептейді.
Ал биылғы маусымда қақпашы "Далластан" "Чикаго" сапына ауысқан болатын. Ол ҰХЛ 2022-2023 жылдар маусымында "Чикаго Блэкхокс" сапында бір матч өткізіп, "Вашингтонға" қарсы болған ойында өз қақпасына бір шайба жіберіп алды (1:6).