Панюковтың "Ақ Барсы" Гагарин кубогының жартылай финалына шықты

Панюковтың
Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы ширек финалының алтыншы матчында "Ақ Барс" "Адмиралды" жеңіп, келесі кезеңге өтті. Татарстан астанасы клубының сапында Қазақстан ұлтытқ құрамасының шабуылшысы Кирилл Панюков өнер көрсетеді және ол мансабында тұңғыш рет Гагарин Кубогының жартылай финалында бақ сынайды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Адмирал" (Владивосток) - "Ақ Барс" (Қазан) - 1:3 (0:2, 1:1, 0:0)

0:1 - Сафонов (Воронков, Адамчук) - 02:46

0:2 - Дыняк (Галимов) - 07:27

0:3 - Дыняк (Галимов) - 22:16

1:3 - Чебыкин (Берлёв, Лисовец) - 25:33 СБШ

Қақпашылар: Серебряков - Билялов

Сериядағы есеп: "Ақ Барс" - "Адмирал" - 4:2 (3:2, 2:1, 0:1 ОТ, 2:1 ОТ, 1:2, 3:1)

Айта кетейік, Билялетдинов шәкірттері Шығыс конференциясы финалында омбылық "Авангардпен" сынға түседі.