"Ағзасында тестостерон көп". Алжирлік боксшы әлем чемпионаты финалынан шеттетілді
Бокс
Алжирлік боксшы Иман Хелив ағзасындағы тестостеронның көптігі себебінен Үндістан өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалынан шеттетілді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Халықаралық бокс қауымдастығы (ІВА) биылғы әлем чемпионатында өзін әйел ретінде көрсеткен бірнеше спортшы анықталғанын хабарлады. Бұл оқиғалар генетикалық тесттердің арқасында белгілі болды.
Ер адамның ағзасында болатын тестостеронның ағзасында көптігі себебінен айып тағылған алжирлік боксшы Иман Хелиф бұның жала жабу екенін айтты.
"Бұрыннан менің сырт келбетіме қатысты көп сөз айтылады, бірақ мен ештеңеге қарамастан күресіп келемін. Бүгін олардың ойы жүзеге асты, айтар сөзім жоқ. Бұған дейін көптеген турнирлерге қатыстым, бірақ ешқашан мұндай мәселемен бетпе-бет келіп көрген жоқпын. Бірақ алтыннан үмітті екенім белгілі болған бойда жолыма кедергі қойды", - деді алжирлік былғары қолғап шебері.
Айта кетейік, иман Хелиф былтырғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанған.