Ләззат Күнгейбаева әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды

Ләззат Күнгейбаева әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды
Бокс

Ләззат Күнгейбаева Нью-Делиде (Үндістан) өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Аса ауыр салмақта (81+ келі) бақ сынайтын Ләззат Күнгейбаева Үндістан астанасында рингке соңғы болып көтеріліп, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, марокколық Хадидже Эль-Мардимен шеберлік байқасып, алтын жүлдеге қол созым жерде тоқтады.

Еске салайық, Ләззат Күнгейбаева 2016 жылғы әлем чемпионатында топ жарған еді.