Декреттік демалыстан оралған боксшы жеңіске жетті

Декреттік демалыстан оралған боксшы жеңіске жетті
Бокс

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Мәдина Нұршаева ширек финалға өтті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

 Отандасымыз 1/8 финалда оңтүстіккореялық Хонген Чоймен кездесті. Мәдина бірден жекпе-жек тізгінін қолға ала білді. Үшінші раундта тіпті қарсыласын нокдаунға жіберді. Төрешілер шешімі - 5:0. 

Айта кетейік, Нұршаева әлем чемпионатыра алғаш рет қатысып отыр. Ол бұған дейін баламен декреттік демалыста болған.

Бүгін сонымен қатар Жайна Шекербекова (54 келі) өзбекстандық Нигина Уктамовамен, Валентина Хальзова венесуэлалық Мариэлис Ирисамен шаршы алаңға шығады.