Ұлты татар боксшы тек қазақша сұхбат беретінін айтты

Бокс
Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқар бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Карина Ибрагимова жекпе-жектен кейін тек қазақша сұхбат беретінін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бас бапкер Шамиль аға сұхбатты қазақ тілінде беріңдер деп айтты, - дейді Карина Ибрагимова.
Айта кетейік, Карина Ибрагимова 57 келі салмақта 1/16 финалда колумбиялық Валерия Арболеда Мендосаны техникалық нокаутпен жеңді.
Үндістан астанасы әйелдер арасындағы әлем чемпионатын осымен үшінші рет қабылдап жатыр. Қазір мұнда 60 елден келген 300-ден астам таңдаулы спортшы жүлдеге таласып жатыр. Чемпиондар Халықаралық бокс қауымдастығынан 100 мың, күміс медаль иегерлері 50 мың, қола 25 мың АҚШ долларын алады.