Өзбекстан футболшылары Азия чемпионы атанғанына қазақ жанкүйерлері қызыға қарауда

Өзбекстан футболшылары Азия чемпионы атанғанына қазақ жанкүйерлері қызыға қарауда
Футбол

Өзбекстанның 20 жасқа дейінгі құрамасы Азия чемпионатында топ жарған болатын. Бұған қазақстандық жанкүйерлер қызыға қарауда, деп хабарлайды Bassport.kz. 

 Өзбек жастары футболдан Азия чемпионы! Шекараның арғы жағына қызыға қарап отырмын, - деп жазды Оңғар Қабден есімді Facebook белсендісі. 

Әбділдә Түлкібайұлы “Өзбек спорты шарықтауда, бокстан мықты әлемде. Футболшылары келесі Америкада өтетін әлем чемпионатына қатысуларына үлкен мүмкіндіктері бар, деп жазған. 

Мұндай комментарийлерді желіден жиі кездестіруге болады. 

Айта кетейік, 20 жасқа дейінгі Өзбекстан жастары Ташкенттегі Азия чемпионатының финалында Иракты жеңді. Ойындағы жалғыз голды  70-минутта Умарали Раҳмоналиев соқты. Өзбекстан құрамасының жеңісін командамен бірге ел президенті Шавкат Мирзиёев те тойлады.