Отандық теннисші рейтингте 15 сатыға төмен сырғыды

Теннис
АТР теннисшілердің жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Қазақстанның бірінші ракеткасы александр Бублик екі сатыға төмен жылжып, 48-орынға тұрақтады. Ал Тимофей Скатов 15 сатыға төмен сырғып, 155-орынға жайғасты. Михаил Кукушкиннің де рейтингтегі жайы онша емес - 275-орын.
Ал көшбасшылық тізгінді испаниялық Карлос Алькарас қайта өз қолына алды.