Қазақстанның бірінші ракеткасы тарихи жеңісінен кейін тапқан табысы белгілі болды

Теннис
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Индиан-Уэллсте өткен WTA 1000 жарысындағы жеңісі үшін Елена Рыбакина 1000 ұпай алды және 1 262 220 доллар (588 510 075 теңге) табыс тапты.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 8 800 000 доллар болғанын айта өтейік.
Сонымен қатар, осы жарыстағы жеңісінен кейін Елена Рыбакина әлемнің жетінші ракеткасы атанды.