Рыбакина әлемнің жетінші ракеткасы атанды

Рыбакина әлемнің жетінші ракеткасы атанды
Теннис

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өткен жарыстағы жеңісінен кейін әлемнің жетінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

WTA 1000 жарысының алдында Рыбакина оныншы орында тұрған, осы турнирде жеңіске жеткені үшін 1000 ұпай олжалап, енді әлемнің жетінші ракеткасы атанды. Қазір оның қоржынында 3720 ұпай бар. 

Әлемдік рейтингте Ига Швентек көш бастап тұрса, Арина Соболенко екінші келеді. Ал Джессика Пегула үздік үштікті түйіндеп тұр.