Ұлттық құрама үздігі бірінші кезеңде-ақ сүрінді
Бокс
Бокстан Үндістан астанасында өтіп жатқан 2023 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшысы жарыс жолын аяқтады, деа хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Бұған дейін бұрымды боксшыларымыздың бәрі табысты өнер көрсетіп келе жатқан. Алайда бүгін 50 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегін вьетнамдық Тхи Там Нгуенге қарсы өткізіп, жеңіліс тапты.
Тартысты өткен жекпе-жекте екі тарап тең болғанымен, төрешілер жеңісті вьетнамдық спортшыға берді.