Жеңіліп көрмеген Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

Жекпе-жек
UFC промоушенінің президенті Дана Уайт жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоноатың келесі қарсыласы кім екенін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
“Белал Мұхаммад? Енді ол Рахмоновпен кездеседі. Осы жекпе-жек үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз”, - деді Дана Уайт баспасөз конференциясында.
Белал Мұхаммад соңғы жекпе-жегін UFC 280 турнирінде, өткен жылдың қазанында өткізіп, Шон Брэдиді техникалық нокаутпен жеңген.
Ал Шавкат Рахмонов ММА-дегі барлық 17 кездесуінде жеңіске жетті. Соңғы рет ол Джефф Нилден басым түскен еді.
Дереккөз: championat.com