Үш дүркін әлем чемпионатының жүлдегері алғашқы кездесуін әрең жеңді

 Үш дүркін әлем чемпионатының жүлдегері алғашқы кездесуін әрең жеңді
Бокс

Қазақстандық боксшы Жайна Шекербекова Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Дегенмен, Жайнаға жекпе-жек оңайға соққан жоқ. Ол 54 келіге дейін салмақта Оңтүстік Корея өкілі Э Чжи Иммен кездесу біраз қиындық тудырды. Төрешілердің де шешімі екіге жарылды. Дегенмен, келесі кезеңге өтті,

Айта кетейік, Жайна Шекербекова үш дүркін әлем чемпионатының жүлдегері. Ол 2016 және 2022 жылдары қола, 2018 жылы күміс медаль алған. Сонымен қатар 2010 жылы Азия чемпионы атанған.