Кузнецов 19 жасқа дейін құрама ойыншыларының тізімін жариялады

Кузнецов 19 жасқа дейін құрама ойыншыларының тізімін жариялады
Футбол

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Александр Кузнецов Талғарда өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды bassport.kz.

17-26 наурыз аралығында Талғар базасында Қазақстан U-19 командасының оқу-жаттығу жиыны болады. Дайындық барысында біздің жігіттер төрт жолдастық ойын өткізбек.

21 наурыз Қазақстан U-19 – «Каспий» (жастар командасы)

24 наурыз Қазақстан U-19 – Қазақстан U-21

26 наурыз Қазақстан U-19 – «Жетысу» (жастар командасы)

Қазақстан U-19 – Қырғызстан U-19

Қазақстан U-19 жасөпірімдер құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Дулат Талыспаев («Атырау»), Мирас Рихард («Қайрат»), Бейбарыс Қалдыбай («Каспий»);

Қорғаушылар: Әлихан Исраилов, Богдан Захарченко, Асқар Бижан, Олжас Байбек (барлығы – «Қайрат»), Валерий Вальмери («Марсет», Испания), Тагир Сәкенов, Рустам Жанхаев (екеуі де – «Шахтер»), Артур Щенников («Химнастика Сеговиана», Испания), Алмас Қанешев («Метеор Прага VIII», Чехия), Тимур Құрбанов, Руслан Захаров (екеуі де – «Жас Қыран»), Радион Волошин («Академия 05»), Досхан Дүйсенбек («Ақсу»);

Жартылай қорғаушылар: Әлішер Кенжеғұлов («Ақтөбе»), Даниял Таханов («Шахтер»), Абзал Баймолда («Тараз»), Ілияс Әбіл («Ақсу»), Абинұр Нұрымбет («Ұлытау»), Дінмұхамед Сайын («Академия 05»), Глеб Валгушев («Қайрат»), Мухаммедали Яшархан («Фатих Карагюмрюк», Түркия), Ахметали Қалтанов («Астана»);

Шабуылшылар: Бахтишат Абдуллаев («Академия 05»), Артем Литош («Қайрат»), Мохаммед Еңсебаев («Елімай»), Тамерлан Ағыманов («Ақсу»);

Бапкерлер штабы: Александр Кузнецов – аға бапкер, Игорь Маштаков – аға бапкердің көмекшісі, Азат Құрманов – қақпашылар бапкері, Владимир Горячий – бейнесарапшы.