Қазақ теннисшісі Швейцариядағы турнирдің жартылай финалына өтті

Теннис
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Швейцарияның Тримбах қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды bassport.kz.
Ол ширек финалда ресейлік спортшы Ян Сабанинмен (әлемнің 1177-ші ракеткасы) кездесті. Аталған матч екі сетте аяқталды. Отандасымыз 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетті.
Бейбіт енді жартылай финалда Нейхрист (Австрия) пен Фриберг (Швеция) арасындағы жеңімпазбен жолығады.
Еске салып өтсек, қазақстандық теннисші қазір ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 318-ші қатарда тұр.