Қазақстандық боксшы Өзбекстаннан келген Азия чемпионын жеңді

Қазақстандық боксшы Өзбекстаннан келген Азия чемпионын жеңді
Бокс

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Римма Волосенко алғашқы кездесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы, өзбекстандық Ситора Тұрдыбековамен кездесті.

Бірінші раундта үш төреші қарсыласы басым болды деп ұпай берген. Екінші кезеңде қазақстандық таразы басын теңестірді. Ал үшінші үшінші раундта ескертуге қарамастан Волосенко жанкештілік танытып, жеңісті жұлып алды.

Енді ол армениялық Элида Кочарянмен кездеседі.

Былтыр Рима Стамбұлдағы әлем чемпионатында бірінші кезеңнен аса алмаған. Осы жолы жақсы нәтиже көрсетуге келгені байқалады.

Бүгін сондай-ақ Қазақстаннан Фариза Шолтай 81 келіге дейінгі салмақта Тринидад және Тобаго елінің өкілі Лиэнн Будрэммен рингке шығады.