U19 жас санатындағы қазақстандық боксшылар Азия чемпионатын 12 медальмен аяқтады

U19 жас санатындағы қазақстандық боксшылар Азия чемпионатын 12 медальмен аяқтады
Бокс

әлеуметтік желіден

16 шілдеде өткен күндізгі сессияда U19 жас санатындағы боксшылар арасында чемпиондар анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Шаршы алаңдағы тартысты кездесулердің нәтижесінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екі алтын және төрт күміс медальді қоржынға салды.

70 келі салмақта Бибарыс Әшірбай жапониялық Кунимитцу Хонжодан басым түссе, 90 келіден жоғары аса ауыр салмақта Владислав Саможонов өзбекстандық Ислам Салиховты тізе бүктіріп, чемпион атанды. Ал Әділ Асқанбай (50 келі), Ақжүрек Қалабай (65 келі), Тимур Тайбеков (80 келі) және Руслан Ахметов (85 келі) финалда есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

Осылайша, бұған дейінгі Камила Оспанова, Айдана Убайдуллақызы және Зарина Толыбайдың алтындарын есепке алғанда, U19 боксшылары жарысты 5 алтын, 4 күміс және 3 қола медальмен тәмамдады.

Кешкі сессияда U23 жас санатындағы ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер басталады.