Ресейлік теннисші қатарынан 18 матчта жеңіске жетіп келеді

Ресейлік теннисші қатарынан 18 матчта жеңіске жетіп келеді
Теннис

Ресейлік теннисші Даниил Медведев жеңістер сериясын 18 матчқа дейін созды. Спортшы АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан жарыстың жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Мастерс" жарысының ширек финалында ресейлік теннисші Испания өкілі Алехандро Давидович-Фокинаны 6:3, 7:5 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті. Бұған дейін Даниил Медведев Роттердамда, Доха мен Дубайда өткен жарыстардың чемпионы атанған болатын.

Ал АҚШ-та өтіп жатқан беделді жарыста ресейлік спортшы Брэдан Накашиманы (АҚШ), Илья Ивашконы (Беларусь) және Александр Зверевті (Германия) жеңді. 

Теннисші жартылай финалда америкалық Фрэнсис Таифомен шеберлік байқасады.