Бокс: Жазира Орақбаева ұлттық құраманың жарыс жолын бастайды
Бокс
Бүгін Үндістан астанасы Нью-Делиде бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Жаһандық бәсекенің алғашқы күнінде ел намысын бір ғана спортшы қорғайды. 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Жазира Орақбаева Тайвань өкілі Чиа-Хсунь Чанмен жұдырықтасады.
Кездесу Астана уақытымен 14:30-да басталады. Оның тікелей көрсетілімін “Qazsport” арнасынан тамашалауға болады.
Әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы 12 салмақтың бәрінде ел намысын қорғайтынын айта кетейік.