Петропавлда жанкүйер матч кезінде көз жұмды

Петропавлда жанкүйер матч кезінде көз жұмды
Хоккей

Петропавлда “Құлагер” жастар командасының матчында спорт ардагері және клубтың белсенді жанкүйерлерінің бірі Владимир Бондаренко өмірден өтті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Матч кезінде жанкүйердің жағдайы нашарлап, оған медициналық көмек көрсетілген екен. Бірақ жедел жәрдем көлігінде Владимир Бондаренконың жүрегі тоқтап қалған.