ҚХЛ плей-офф кезеңінің бірінші айналымында сегіз рекорд жаңарды

Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңінің бірінші айналымында сегіз рекорд жаңарды. Бірінші кезең қорытындысында Лиганың сегіз реокрды жаңарды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Плей-офф бірінші айналымында жаңартылған рекордтар:
- Барлығы 48 матч өтті - бірінші кезеңнің жаңа рекорды;
- 278 шайба соғылды, орташа нәтижелілік - 5,79 - екі көрсеткіш те ҚХЛ плей-офф бірінші кезеңі үшін рекорд;
- 16 матчтың жеңімпазы овертаймда анықталды - бірінші раундтың жаңа көрсеткіші;
- 11 матчта қонақ командалар овертаймда жеңіске жетті - плей-офф бірінші кезеңінің жаңа рекорды;
- Тарихта тұңғыш рет бірінші кезеңнің барлық серияларында 1:1 есебі тіркелді;
- Алғаш рет бірінші кезеңнің алты сериясында 2:2 есебі тіркелді;
- 367 669 көрермен - плей-офф кезеңі 1/8 финалының жаңа рекорды.
Айта кетейік. Гагарин Кубогының ширек финалына Шығыс конференциясынан "Авангард", "Адмирал", "Ақ Барс" пен "Металлург", ал "Батыстан СКА, ЦСКА, "Торпедо" және "Локомотив" клубтары шықты.